Орта Азия елінде түрмеде кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқартатын заң қабылданды

Өзбекстан парламенті түрме қабырғасында кітап оқығандардың жаза мерзімін қысқарту туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы Gazeta.uz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

Аталмыш заңға сәйкес әр оқыған шығармасы үшін үш күнге жаза мерзімі қысқарады. Алайда, мұндай ереже тек мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін, яғни, радикализмге бастамайтын кітаптарға жүрмейді. Кітапты оқы тауысқан жазасын өтеуші өзі оқыған шығарманың мазмұны бойынша сынақ тапсырады.