Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының төрағалығымен Рамазан айына орай алқалы жиын өтті.
Шалғай аудан имамдары жиналысқа онлайн форматта қатысты.
Басқосуда оразаға арналған күн тәртібі талқыланып, қала-аудан имамдарына арнайы тапсырмалар берілді.
Асқар қажы Әбітайұлы Рамазан айы бойы ҚМДБ бастамасымен мешіттерімізде әр-түрлі іс-шаралар атқарылатын болды. Оның ішінде тарауих намаздары, Құран-хатым оқу, ауызашарлар ұйымдастыру, сонымен қатар, ҚМДБ 35 жылдығына орай 35000 адамға қайырымдылық жасау, тал егу акциясы, тегін қоғамдық көлік акциясы сынды шаралар өткізу жоспарланып отырғандығын атап өтті.
Пікір қалдыру