КАНОНЕРКА АУЫЛЫНДА НАМАЗХАНА АШЫЛДЫ

Бесқарағай ауданына қарасты Канонерка ауылында намазхана ашылды. Абай облысының дінге жанашыр азаматтары мен белсенді жастарының қолдауының арқасында бой көтерген намазхананың ашылу салтанатына Абай облысының Бас имамы Асқар қажы Әбітайұлы арнайы қатысып, ел игілігі үшін дұға тіледі.

Намазхана ішінде арнайы дәрет алатын орын мен дәретхана қамтылып, қолайлы жағдай жасалған. Бір мезетте 50-ге жуық адам иық тіресіп намаз оқуға болады.
Омбы-Майқапшағай күре жолының дәл бойында орналасқан бұл намазхананың ашылуы жолаушы жандар үшін таптырмас мүмкіндік болды.