Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы айлардың төресі қасиетті Рамазан айының келуі қарсаңында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз маслихатын өткізді.
Баспасөз маслихатында Асқар Әбітайұлы Рамазан айында атқарылатын шараларға тоқталып, ораза ұстаудың ерекшеліктері, пітір садақа мөлшерін, ауыз бекітудің тәртіптері жөнінде ақпарат беріп, көпшілікті толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар журналисттер тарапынан және әлеуметтік желідегі тікелей эфирде оразаға қатысты қойылған діни сұрақтарға тұщымды жауап берілді.
Пікір қалдыру