Бүгін еліміздің және Абай облысының барлық мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылып басталды. Бұл жаңа айдың тууымен қатар, Қасиетті Рамазан айының кіргенін білдіреді. Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте тарауих намазында Құран Хатым түсіру үшін Қалелұлы Мағжан қари бекітілді. Мағжан қари Құран Кәрімді толық жаттап, Асым қырағаты бойынша Ижазаға ие болған.
Биылғы Тарауих намазына келген жамағаттар саны жылдағыдан көбірек болды. Ымырт үйірілісімен-ақ мешіт ішін лық толтырған жамағаттың көптігі – халқымыздың қасиетті Рамазанға деген сағыныштарының айқын белгісіндей болды.
Пікір қалдыру