АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАС ИМАМ АҚСУАТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Ақсуат ауданына іс-сапары барысында аудан әкімі Ескендір Кәдірбекұлымен кездесті. Кездесу барысында аудан әкіміне Ақсуат ауданына жаңадан тағайындалған бас имам Қанат Мұратбекұлын таныстырды.

Қанат Мұратбекұлы Ақсуатта туып өскен. Діни білімін Алматы Әбу Ханифа медресесінен бастап, Нұр-Мүбәрак Ислам универсиетінде жалғатсырды. Сондай-ақ, Дінтану мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алды. Бірнеше жыл Семей қаласы Дін істері басқармасына қарасты мекемелерде теолог қызметімен қатар, Семей қаласы Шәкәрім қажы мешітінің наиб имамы қызметін атқарды.

Ақсуат ауданының әкімі Ескендір Кәдірбекұлы аудан имамының қызметіне сәттілік тілеп, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.