Абай облысы Семей қалалық Тас мешітінің ұйымдастырылуымен және демеуші азаматтардың демеушілігімен №19 түзету колониясындағы жазасын өтеуші 300 адамға ауызашар таратылды.
Аталған шара барысында Нұрбек Нәдірұлы жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, оразаның қасиеті мен пайдасы туралы түсіндірді. Сондай-ақ, кездесуде басшыға бағыну және Алла Тағала берген нығметтердің қадірін білу сынды тақырыптар қозғалды.
Кездесуге қатысқан жазасын өтеушілер имамдар мен жамағатқа рахметін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Пікір қалдыру