Абай Құнанбайұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Омаров жастарға Ілім алудың артықшылығы мен абзалдығы туралы насихат айтып, артынша мешітімізде Рамазан айында жүргізілген «Бір айда Құранға түс» курсында тәлім алып, Құран әліппесі мен тәжуид ережелерін үйренген 20 шәкіртке мешітіміздің қос ұстазы Ералы ұстаз бен Қуаныш ұстаз шәкірттеріне арнаулы сертификаттар табыстады.
Сондай-ақ, Құранға түскен 20 шәкіртке Құран Кәрімнің 30-шы парасы кітабы және Рамазан пәтуалары кітаптары сыйға берілді.
Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
عَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ:“خَيْرُ كُمْ مَنْ تَعَلَّمَ الْقُرْآنَ وَعَلَّمَهُ”
(رواه الإمام أحمد و أصحاب الكتب الستة).
Осман ибн Афаннан (р.а.): «Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны біреуге үйреткендерің», – деген» (имам Ахмад, әл-Бұхари, Әбу Дәуд, әт-Тирмизи, ән-Насаи, Ибн Мәжаһ)[1].
Алла Тағала шәкірттердің зейінін ашып, қари, хафиз болуды нәсіп етсін!
Пікір қалдыру