АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАЛАЛАРҒА ҚҰРБАН АЙТТА “АЙТ ТӘТТІСІ” ТАРАТЫЛДЫ

Абай облысы “Жастар” секторының ұйымдастыруымен облыс мешіттері Құрбан айт қарсаңында балаларға айт тәттісін таратты. Қаламыздағы “Абай Құнанбайұлы” мешіті, “Тыныбай” мешіті, “Әбу бәкір сыддық” мешіті, “Төкеш” мешіті айттық сыйын дайындап, қаламыз бойынша 500-ге жуық балаға айттық сыйын таратты. Оның ішінде 80-ге жуық сый балалар үйіне таратылды.