АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ЖАМАҒАТ БАРЫСЫ” АТТЫ ТҮЙЕ ПАЛУАНДАР САЙЫСЫ ӨТТІ

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы, Құрбан айт мерекесіне орай Қазақша күрестен орталық мешітіміздің жамағаттары арасында түйе палуандардың қатысуымен “Жамағат барысы” атты облыстық турнирі өтті. 

Аталған сайысқа облысымыз бойынша 30 палуан қатысты. Абай облыстық Спорт басқармасының төрешілері сайысқа төрешілік жасады. Палуандардың ішінен топ жарып, жүлделі бірінші орынды – Сембаев Мадияр иеленіп, Умра қажылығына жолдама алды. Екінші орынды – Қайролла Жалғас иеленіп, жүлделі 200 000 теңге ақшалай сыйлықты қанжығасына байласа, үшінші орынды – Ратаев Қуаныш пен Арқабай Барақ иеленіп, қаржылай 100 000 теңге ақшалай сыйлық берілді.