Абай атамыз:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан соның төрті,
Алланы танытуға сөз айырмас, – деп жырлаған.
Сол төрт кітаптың соңғысы, Алланы айнытпай танытатын, ақ пен қараның аражігін ажыратып, тура жолға бастайтын, әрі, әлі күнге дейін бір әрібі де өзгермей келе жатқан қасиетті Құран Кәрімді түп нұсқасынан оқи алу, келесі кезекте соның мағынасын түсініп, соған амал ету әрбір мұсылман баласының басты арманы екені сөзсіз.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітімізге кезекті 1 айға созылған сауат ашу курсында шәкірттер мешітіміздің қариы – Ералы ұстаздан Тәджуид ережелері мен Құран дәрісінен сабақ алды. Аталмыш дәрісті тәмамдаған 10 шәкіртке арнаулы сертификаттар табысталып, сыйлыққа Құран кітаптары берілді.Өз кезегінде жамағат та ұстазға разылығын білдіріп, келесі жалғастырушы топ курсында да өз білімдерін әрі қарай жетілдіріп, Құран сүрелерін жаттауға ниетті екендіктерін жеткізді.




Пікір қалдыру