АБАЙ ОБЛЫСЫ: “ИМАНИ ЖАЗ-2025” САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай облысы мешіттерінде Маусым айының 9-шы жұлдызынан “ИМАНИ ЖАЗ – 2025” жазғы діни сауат ашу курсы басталып, бір айға жуық Құран әліппесі мен Имандылық әліппесі дәрістерін үйренген шәкірттерге сертификат табысталды. Жалпы, Абай облысы бойынша 1083 шәкірт, ал, Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте 100-ден аса  шәкірт рухани дәрістерде тәлім алды.

Осы өткен бір айда шәкірттер Құран әліппесі мен Алланың 99 көркем есімін жаттап, рухани құндылықтар, ата-анаға құрмет көрсету, әдет-ғұрыптар жайлы дәрістер тыңдап, діни білімдерін жетілдірді.

Курс соңында “Абай Құнанбайұлы” мешітінің наиб имамы Омаров Ерлан шәкірттерге жүрек жарды тілегін білдірді. Мешітімізден дәріс алған бүлдіршіндерге сертификат пен тәттілерін табыстады.

Еліміздің келешегі саналатын бүлдіршіндеріміз рухани бай, жан-жақты сауатты, иманды да адамгершілікті болып өссін деп тілейміз!