АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАС ИМАМНЫҢ АҚСУАТ АУДАНЫНА ІС САПАРЫ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Ақсуат ауданының орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз насихат жұмыстарын жүргізіп, Нұр-Мүбәрәк Египет ислам мәдениті университетінің студенттерімен сұхбат құрды.

Сондай-ақ Ақсуат ауданына қарасты Екпін ауылының мешіті, Ойшілік ауылының мешіттеріне де барып, жай-күйлерімен таныс болып қайтты. Мешіттердің кеңсе жұмыстарымен танысып, жылу жүйесімен, діни кадрларымен танысты. Мешіт имамдарының пікірі мен ұсыныстарын тыңдап, нақты тапсырмалар жүктелінді.