АБАЙ ОБЛЫСЫ: “МҰНАРА” ТЕЛЕАРНАСЫ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ МЕШІТТЕРІ ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ

“Мұнара” телеарнасымен Семей қаласының көне әрі тарихи маңызы бар мешіттер жайлы деректі фильм түсірілді. Барлығына белгілі қаламыздағы ең алғашқы мешіттерінің қатарына кіретін мешіттер бар. Тас мешіті, Ағаш мешіті, Тыныбай және Қос мұнаралы мешіті.

Аталған мешіттерге барып, имамдарынан сұхбат алынды. Сұхбат барысындағы мешіттер жайлы ел біле бермейтін көптеген қызықты мағлұматтармен таныс болдық. Тарихи мешіт болғандықтан бұл мешіттерге бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен ешқандай өзгерістер енгізілмеген.

Көненің көзі, бабалар ізі болып қалған мешіттер жайлы қызықты мағлұматтарды “Мұнара” телеарнасының жаңа маусымында көрсетілетін деректі фильмінен тамашалай аласыздар.