АБАЙ ОБЛЫСЫ: РУХАНИ МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ

Абай облысы Әйел-қыздар секторы Тыныбай мешітінің ұйымдастыруымен «Пайғамбарға (с.ғ.с) сағыныш» атты мәуліт кеші өтті. Ізгілікке толы кездесуге Семейлік әйел жамағаты жиналды.

Рухани кештің шымылдығы Аллаға мадақ, ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтылып, мәуліт жырымен ашылып, Құран хатым оқылып, марқұмдарға сауабы бағышталды. Мәуліт айына орай ұйымдастырылған салауат айтудан марафон өтіп, жеңімпаздарға арнайы сыйлар табысталды.

Кешке жиналған әйел жамағатымен Алла елшісіне қатысты викториналық сұрақ-жауап өткізілді. Жамағат қыздардың ішінде жүзден жүйрік атанғандары бағалы сыйлықтарға ие болды. Осылайша, кешке жиналған құрметті қонақтар адамзаттың асыл тәжі болған Пайғамбарымызды (с.ғ.с) еске алып, сағынышын басты.

Кеш соңында облыстық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Данагүл Төлегенқызы мәуліт мерекесімен құттықтап, кештің өткізілуіне атсалысқан жандарға алғысын білдірді.