Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні еліміздің және Абай облысының барлық мешіттерінде алғашқы тарауих намазы оқылып басталды. Бұл жаңа айдың тууымен қатар, Қасиетті Рамазан айының кіргенін білдіреді. Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітте тарауих намазында Құран Хатым түсіру үшін қаламыздағы “Хәкім Хазрет” қарилық медресесінің алғашқы түлектерінің бірі Самиғоллаұлы Мұстафа қари бекітілді.
Облысымыз бойынша 22 мешітте тарауих намазында хатым оқылатын болады.
Биылғы Тарауих намазына келген жамағаттар саны жылдағыдан көбірек болды. Алғашқы тарауих намазына жиналған жамағат саны жылдағыдан көбірек. Кенеттен лық толған мешіт – жұртымыздың қасиетті Рамазан айына деген сағыныштарының көрінісі болды.























Пікір қалдыру