Имамдардың біліктілігін арттыру курсы барысында ауыл имамдарына арнап, ҚМДБ «Халал Даму» мекемесінің жергілікті өкілі Ардақ Меллетұлы Құрбан айт мейрамы қарсаңында қасапшылық тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында мамандар халал мал союдың шариғат талаптары, қасапшылық әдебі, бауыздау кезінде орындалуы тиіс шарттар, санитарлық-гигиеналық талаптар және халал стандарттарының маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, адал ас ұстанудың мұсылман өміріндегі орны мен жауапкершілігі де сөз болды.
























Пікір қалдыру