Орталық мешітімізде кезекті Құранға түсу курсы өз мәресіне жетті.
2 айға созылған курста шәкірттер мешітіміздің ұстазы – Данагүл ұстаздан Тәджуид ережелері мен Құран дәрісінен 0-ден бастап сабақ алды. Аталмыш дәрісті тәмамдаған 10-ға жуық шәкіртке арнаулы сертификаттар табысталып, сыйлыққа Құран кітаптары берілді. Өз кезегінде шәкірттер де ұстазға разылығын білдіріп, келесі жалғастырушы топ курсында да өз білімдерін әрі қарай жетілдіріп, Құран сүрелерін жаттауға ниетті екендіктерін жеткізді.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мешітінде Құран әліппесін үйрену, Құран жаттау дәрістері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Дәріске жазылу үшін – 8 702 251 9914 Данагүл ұстаз номеріне хабарласуға болады.























Пікір қалдыру