Абай облысының “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешіті мен “Қосмұнаралы” мешітінің ұйымдастыруымен «Исламдағы отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды семинар өтті. Жиынның басты мақсаты – мұсылман отбасындағы сыйластық, тәрбие, жауапкершілік және өзара түсіністік қағидаларын жамағатқа тереңірек түсіндіру болды.
Іс-шараға арнайы шақырылған медицина ғылымының профессоры – Мұзаффар қажы Ахметсафаұлы арнайы қатысып, отбасындағы эмоциялық тепе-теңдік, ерлі-зайыптылар арасындағы байланыс, бала тәрбиесіндегі діни-рухани ұстанымдар жөнінде жан-жақты кеңес берді. Мұзаффар қажы Ахметсафаұлы қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, күнделікті өмірде қолдануға болатын пайдалы ұсыныстарымен бөлісті.
Жиын соңында Қосмұнаралы мешітінің наиб имамы – Серікбол Жұмабекұлы сөз сөйлеп, отбасы құндылықтарын дәріптеу – қоғам тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. Сонымен бірге ол семинарға қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, жамағатты имандылық пен бірлікке шақырды.























Пікір қалдыру