АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АЯГӨЗ АУДАНЫ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Аягөз ауданының әкімі Айбек Серікболұлымен кездесіп, ауданның діни ахуалы мен өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Кездесу барысында аудандағы діни тұрақтылықты сақтау, зираттарға жер телімдерін бөлу, мешіттердің құжаттарын заң талаптарына сәйкес реттеу және басқа да діни салаға қатысты мәселелер талқыланды.

Кездесу кезінде Асқар Әбітайұлы өңірдегі діни салаға қатысты бірқатар мәселелерді ортаға салып, оларды бірлесе шешудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында облыстың бас имамы аудан әкіміне «Абай еліндегі Ислам» кітабын сыйға тартып, рухани-танымдық еңбектің мазмұнымен бөлісті.