АБАЙ ОБЛЫСЫ: БАС ИМАМ ҮРЖАРДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Үржар аудандық орта бірге жұма намазын өткізді.

Жұма намазы алдында облыстың бас имамы «Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Уағыз барысында аманат ұғымының Ислам дініндегі орны мен маңызы кеңінен түсіндірді. Адамның Алла алдындағы, қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілігі, өзіне тапсырылған міндетке адал болу, уәдеге беріктік таныту және әрбір істі шынайы ниетпен атқару мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ аманатқа қиянат жасамау – мұсылманның көркем мінезі мен имандылығының белгісі екенін айтып, адалдық пен жауапкершіліктің күнделікті өмірдегі маңызын жеткізді.

Мешітке жиналған жамағатты аманатқа берік болуға, адалдықты өмірлік ұстаным етуге және Ислам құндылықтарын қоғамда кеңінен дәріптеуге шақырды.

Жұма намазы соңында көпшілікпен бірге елдің амандығы мен тыныштығы, бірлігі мен берекесі үшін дұға жасады.