ҚМДБ РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев Семей қаласында №20 Түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесіп, «Отанды қорғау – мұсылманның парызы» тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Кездесу барысында отансүйгіштік, елге адал қызмет ету, Отан алдындағы жауапкершілік, бейбітшілікті сақтау және қоғам алдындағы азаматтық міндеттер жайында кеңінен сөз қозғалды.
Сонымен қатар ислам дініндегі адамгершілік құндылықтар, тәубеге келу, жасаған қателіктерден сабақ алу, рухани тазару және ізгі амалдарға ұмтылудың маңыздылығы түсіндірілді.
Уағыз барысында әрбір мұсылманның ел тыныштығы мен қоғам тұрақтылығына үлес қосуы маңызды екені айтылып, жазасын өтеушілерді уақытты тиімді пайдаланып, жақсы өзгерістерге қадам басуға шақырды.
Кездесу соңында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.






















Пікір қалдыру