«Айша-Фатима» мешіті Ұржар ауданы Елтай ауылы, Қабанбай көшесі № 7 а орналасқан.Мешітті 2005 жылы кәсіпкер Нарысов Жұматай деген азамат өз қаражатына 150 адамдық етіп арнайы жобамен салдырған.Мешіттің жер учаскесінің көлемі – 0,4567 га.Мешіт ішінде ерлер намаз бөлмесі, әйелдер намаз бөлмесі және Имам бөлмелері бар.мешіт еденіне толықтай кілем төселген. Сыртқы ауласында дәретханалармен отынсақтайтын қоражай салынған. Мешіт аумағы темір қоршаумен толықтай қоршалған. Мешіт мұнарасының биіктігі – 13 м, Күмбезінің биіктігі – 6 м