«Самал ата мешіті» Аякөз ауданы Ақшауіл ауылында орналасқан. Мешіт 2006 жылы 70 адамға арналып салынған. Мешітті Серік Самалұлы Зейтенов деген азамат бас болып, Самал қажының ұрпақтары салған. Мешіттің кіре беріс төбесінде кішкене 2 мұнарасы бар. Мешіттің мұнарасының биіктігі 3 метр. Мешіттің ішінде имам бөлмесі, әйел адамдар намаз оқыйтын бөлме орналасқан. Мешіттің еденіне толықтай кілем төселген. Мешіт кәзіргі заман талабына сай көркем ауыл ортасынан салынған.