«Малкелді ауылдық мешіті» Аякөз ауданы Қорық ауылында орналасқан. Мешіт 2005 жылы жаңадан салынған. Мешіт 100 адамға арналып салынған. Мешітті Жәкен Төлеуов деген азамат бала шағасымен салған. Жер көлемі 290 шаршы метр. Мешіттің ортасынан салынған күнбезінің биіктігі 2 метр, екі мұнарасының биіктігі 3 метрден. Мешіт еденіне толықтай кілем төселген, кәзіргі заман талабына сай өте көрікті салынған. Мешіттің ішінде имам бөлмесі, от жағатын бөлме, әйелдер намаз оқыйтын бөлме қарастырылған.