«Кривинка ауылдық мешіті» Бесқарағай ауданындағы Кривинка ауылында орналасқан, 2005 жылы салынған. Мешітті аталмыш ауылдың тұрғыны, ірі шаруашылық қожайыны Өмірхан Бати Бахшанұлы есімді азамат өз қаражатына салдырған. Мешіт 50 адамға арналған. Ағаштан салынып, сыртынан кірпішпен қаланған. Есік-терезелері пластиктен жасалынған. Мешіт ауыл орталығында, мектеп маңында орналасқан.