Имамның мазхабының таралуы

Имамның өмірі

Имам, Аллаһ Тағала оны рахым етсін, білімді алған кезінде және оны өзгелерге бергенде Аллаһтың алдында ықыласты болып қалатын және ол барлық кезде және барлық жерде адамдарды тек Аллаһ Тағала үшін фиқхқа оқытатын. Біз Аллаһ Тағала оның өмірін және еңбегін нендей берекелі еткенін көрдік, өйткені білім ізденушілер және фиқх саласында жетілуді қалағандар жан-жақтан оған қарай ұмтылатын және одан білім алып, кейіннен өз өлкелеріне оралып, өзгелерді оқытатын.

Міне осының себебімен имам Абу Ханифаның мазхабы жарқыраған нұр сияқты Куфадан Ирактың, Иранның, Ауғаныстанның, Пакистанның, Үндістанның, Қытайдың, Жапонияның, Түркістанның, Шамның, Мысырдың, Мағрибтың және Андалусияның аймақтарына тарады және бүкіл Еуропа аумағында, нақты айтқанда Кавказда, Қырымда, Польшада, Румынияда, Болгарияда, Австрияда, Түркияда, Грецияда, Югославияда және Албанияда тамыр жайды, соның нәтижесінде Аллаһ Тағалаға ханафи мазхабының ережелері бойынша құлшылық ететін мұсылмандардың саны мұсылмандардың жалпы санының жартысынан асады және бұл мазхабты халифатта және басқа мемлекеттерде ұстанатын.

Аббасилердің халифатында ханафи мазхабы Харун әр-Рашидтың кезінен бастап ресми мойындалды, ал соңынан селджуктар мен ғазнәуилердің мемлекетінде және Еуропада алты жүз жылдай өмір сүрген Осман империясында да ресми түрде мойындалған еді.

Ханафи мазхабының кейбір ережелері қазір де Мысырда, Сирияда, Иорданияда, Ирақта, Ливанда т.б. елдерде пәтуа шығаруда және сот істерінде қолданылады және, егер Аллаһ қаласа, бұл мазхабтың нұры юриспруденцияның және мемлекеттік басқарудың жаңа салаларын қамтып, әрі қарай тарала береді.