Ұржар ауданы Мақаншы ауылына қарасты Көктерек ауылында орналасқан «Садуақас Шәкенұлы атындағы мешіт»

«Садуақас Шәкенұлы атындағы мешіт». Оның қабырғасы ақ кірпіштен қаланған, биіктігі 6, ені 9, ұзындығы 11 метр. Қос мұнарасының биіктігі 10 метр. Мешіттің іргетасы сырт әдемі әшекейлеген тастардан қаланған. Төбесінде үлкен бір күмбезі бар. Мешітті 2006 жылы Шәкенов Мейрамбек салғызған.

Мешіттің алдыңғы жағында екі, оң жағында екі терезе, бір есік, сол жағында үш терезе, михрабта екі терезе, әр мұнараның жоғарғы жағында төрт терезеден орнатылған. Сырттан кіргенде киім ілетін, аяқ киім шешетін бөлмелер де қарастырылған. Сол жақ қанатында имам бөлмесі, тура жүргенде 80 адам намаз оқитын жай мен михраб орналасқан. Мешіт едені ағаш, кілемдер төселген.

image004(68) image002(75)