Аягөз қалалық мешітіндегі жұма күнгі қайырымды іс.

Аягөз қалалық мешітінде қасиетті жұма күні аты жөнін атамауымызды өтінген азамат, мешітте өз отбасы, кәсібінен әр жұма күні жүз бөлке нанды, жұма намазына қатысушы жамағатқа таратып беруді өтінген болатын. Осыған орай жұма намазынан соң мешіт ауласындағы «Шайхан қари» атындағы сауат ашу орталығы алдында жүз бөлке нан жамағатқа таратылып берілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.