Қосағаш ауылындағы «Мәуліт» меркесі.

Аягөз ауданына қарасты Қосағаш ауылдық мектебінде «Мәуліт» мерекелік шарасы өтті. Ауыл молдасы Асхат Ұзақбайұлы ұйымдастыруымен мектеп оқушылары дайындаған «Дертінен жазылған патша» «Соқыр ана» атты көрініс көрсетіліп, көршілес Мәдениет ауылының молдасы Алмас Қалиханұлы уағыз – насихат айтты. Ауыл әкімі Бекбай Тілеубайұлы мерекемен құттықтап, ауылдағы атқарылған діни шараларға алғысын білдірді. Мектеп оқушыларының өлең – жырлары көпшіліктің көңілінен шықты. Мерекелік шара соңы, жайылған ақ дастархан басында жалғасып, қазыналы қарттардың алғыс, батасымен аяқталды.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.