Жұмада өткен жәрмеңке

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша «Әйел – қыздар секторы» Күндердің сұлтаны болған қасиетті Жұма күні,  Қос мұнаралы орталық мешіт ауласында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңкенің өтуіне орталық мешіттің және қалалық мешіттерінің сауат ашу курстарының шәкірттері ат салысты. Сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген ақ жаулықты аналар, иман жүзді қыз – келіншектер  «Жақсылық жасауды жалғастырыңдар, қай амалыңның жәннатқа апаратынын білмейсің…», деген ниетпен қолдарымен пісірген әртүрлі тағам түрлерін дайындап, өз үлестерін қосты. Жұма намазына келген жамағат «Біздің де бір пайдамыз болсын»,деп құлшыныспен сауда жасады. Бұл жәрмеңкеден жиналған қаржы түгелдей қайырымдылық шарасына жұмсалатын болады.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.