Әуретің сақтағанның артықшылығы

 Басынан Қаратаудың көш келеді.

 Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

 Қарындастың зары кетпес құлағымнан.

 Мөлтілдеп қара көзден жас келеді.-деп, ата-бабамыз жан қайғысын осындай өлең шумақтармен жеткізген. Ақ білектің күшімен, қара найзаның ұшымен  осынау кең байтақ қазақ даласын қорғау үшін айлап болсын атқа қонған. Олардың мақсаты келер ұрпақ ерлері құл, қыздары күң болмай бейбіт күн астында өмір кешу. Сондағы жарқын болашақтағы армандаған келешегі бізбен сіз. Ендігі кезекте мұра қылып қалдырған жерімізді, тілімізді, егемендігімізді, дінімізді сақтап, келесі буынға тапсыру біздің міндетіміз. Егер өзіміздің ана сүтімен берілген қадір-қасиетімізді сақтай алмасақ арқамыздағы аманатты көтере алмағанымыз. Сол қасиеттің бірі ұяттылық. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) “Ұят иманнан”- дегеніндей, иманды жоғалтпау үлкен іс сияқты, ұятты сақтау да қазақтығымыздың болмысы. Адамның ұяттылығы киімінің əурет жерлердің жабылуынан да көрініс табады. Қарындастарымыздың көйлек етектері көтерінкі болса, ал ағаларымыз сол қыздарға сөгіс ескерту айтпай, шаһуат көздермен қарайтын болсақ қоғамның кемшілігі. Бойжеткен қыздарымыз өз ұятты жерлерін сақтамаса, ертеңгі уақытта өзге діндегілерге  көңілдеріне ұяттылық сезім алмастан  күйеуге шығып кетері әбден мүмкін.

 Шариғатта бiр адамның ашуы, өзгеге көрсетуі жəне өзгенің де қарауы тыйым салынған  жерлер əурет жері деп атайды. Еркектердiң əурет жерi – кiндiктен тiзенiң астына дейiн. Тiзе əуретке жатады. Осы жерлерi ашық болса, намаз қабыл болмайды. Намаз оқығанда қолдарын, басын жабу, шұлық кию еркектерге сүннет. Бұл жерлердi ашып, намаз оқу мəкрух болады.  Ал əйелдердiң алақандарынан жəне бетiнен басқа жерлерi 4 мазһабта да əурет болып есептеледi. Бұл жерлерiн жабу парыз. Əурет мүшелерінің кез-келген біреуінің төрттен бiрi бiр рүкін ашық қалса, намаз бұзылады. Бұдан аз ашылса намаз бұзылмайды, бірақ мəкрух болады. Ішіндегі мүшенің түсі, не өзі көрінетіндей жұқа болған мата жоқ деп есептелінеді. Адам өз әурет жеріне қажет болған жағдайда қарауында күна жоқ. Баһз ибн  хаким  атасының сөзін жеткізеді: Мен Алланың елшісінен с.ғ.с. :

– Әурет жерлерімізді кімдерден сақтаймыз?- деп сұрадым.

– Ұятты жерлерінді әйлеінмен күндерінен басқа ешкім көрмесін,-деді.

– Ал егер бір қауым адамдар жаланаш болса не істейді,-дедім.

– Ондай жағдайда әр адам шамасы  жетсе ешкімге қарамасын.-деп, жауап берді.

– Пенде ешкімге көрінбей оңаша қалғанда киімсіз жүруі қалай болады?- деп сұрадым.

– Басқалардан қарағанда Алла тағаладан ұялу жоғары болады.-деген.

 Мұсылман  әйелдер өз арасында тiзе мен кiндiк арасын жабуы парыз.  Қарнын жəне арқасын жауып жүруі уəжiп. Басқа жерлерiн жабу əдеп болып есептеледi. Ал егер мұсылман әйел бөгде діндегі әйелдін алдында барлық жері жабық болу керек. Алла тағала нұр сүресінде былай дейді: Мұхаммед с.ғ.с Мүміндерге айт: (Бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла, олардың не істегендерінен хабар алушы. (30) Мүмін әйелдерге де айт: “(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа (беті, қол-аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Бірақ ерлеріне, әкелеріне, қайын аталарына, өз ұлдарына, өгей ұлдарына, аға-бауырларына, олардың ұлдарына, әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Мұсылман әйелдерге, қолдарындағы күңдеріне, әйел керек қылмайтын қызметшілерге немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар. (31)

Біліп отырғанымаздай әуретті сақтау Құдай тағаланың  әмірін орындау, тектіліктің тазалығынада өз әсерін береді. Дін исламда шариғат кейбір нәрселерді бұйырса оны орындаған пендеге бұл дүниедеде және ахиретте де пайдасы болмақ. Алла тағала қандайда бір істерден қайтарса адма үшін де, бүкіл қоғам үшін зияны тиері анық. Алла сүбханака шамамыз жеткенше шариғат бекіткен жолмен жүруімізді нәсіп етсін!