Екі дүние сардар Пайғамбарының (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары (ФОТО)

271122-innerresized600-600-1

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары осы уақытқа дейін бүтіндей сол бәз қалпында сақталып жеткен. Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Араб түбегінен тысқары жердегі билеушілерге бірнеше рет хаттар жібергені белгілі.

2

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Хижраның 6 жылы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әл-Мукавкис әміршісіне жолдатқан хатында оны исламға шақырып, егер ол исламды қабылдаса, Алла Тағала оған беретін сыйын арттыратындығын жазған. Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз хатында Құранның сүресін келтірген екен: «Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай-ақ, Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық», – деп айт. Егер олар жүз бұрса: «Куә болыңдар, шәксіз біз Мұсылман болдық» деңдер» (3:64).

3

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттарын Эфиопия императоры Ашама ибн Абджарға, Византия императоры – Гераклиуске, Парсы елінің әміршісі – Хосровке, Бахрейн әміршісі – Мунзир ибн Саваға, Йемен әміршісі – Химьяр Хариске және Шам әміршісі Харис Гассаниге де жолдаған екен.

4

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаттары әміршілерді исламға үндеу сарынында болған.

5

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Кейбір риуаяттарға сай, Парсы елінің әміршісі — Хосров, Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келген хатты жыртып тастаған екен. Осыдан кейін оның империясы қатты әлсіреп, ал өзі қайтыс болған.

6

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Бұл хаттардың бірнешеуі Стамбулдағы мұражайда сақталуда. Ал хаттардың түпнұсқасы Сауд Арабиясының Медине қаласындағы мұражайында сақталған.

7

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

Әр хатқа Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) аты жазылған мөрі басылған.

8

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жаздырған хаты

 

Muftyat.kz