Қасиетті Рамазан айындағы ауызашар

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)ның мүбарак хадисінің бірінде «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстаушыларды құрметтеп, ауызашар берсе, ораза ұстағандай сауап алады», – деген.

Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы Қатымханада Ораза ұстаған жамағатқа күнделікті қасиетті Рамазан айы бойы ауызашар берілуде. Семей аймағының  өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы келеген жамағатқа Рамазан айының қасиеті бұл айдағы жақсылық пен қайырымдылық істерінің еселенетіндігі жайында, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұл құрметті айда жасаған құлшылықтары туралы уағыз-насихатын жеткізді. Имандылық парыздарын  өтеуге бет бұрған жандардың көбеюі – ел абыройының асқақтауы, қоғамның жақсылыққа беттеуі деп білеміз. Осындай қасиетті Рамазан айында Алланың разылығы үшін мұсылман бауырларға ауыз ашар дастарханын ұйымдастырған  мешіт ұжымына жамағат атынан ақсақалдар ризашылығын білдірді.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.