Өкіл имам Шәкәрім қажы мешітінде

Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұма күні  ҚМДБ – ның  Семей аймағы бойынша  өкілі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде болып, мешітке келген жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді. Мешіт жамағаты, ақсақалдары өкіл имамға батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.