«Сенім, Еңбек, Арман» атты жастар бас қосуы.

Аягөз аудандық әкімшілігі ғимаратының  үлкен залында аудандық жастар орталығы ұйымдастыруымен «Сенім, Еңбек, Арман» атты аудандық жастар жиыны өтті. Бұл жиында аудандық жастар орталығының директоры Саят Жанатұлы баяндама жасап, аудан көлеміндегі жастар істеріне тоқталды. Орталық мешіттің бас имамы Думан қажы Нәдірұлы дініміздегі отбасы құндылығы жайлы насихат айтса, мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы дәстүр мен жат ағым мәселесін баяндады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.