Аягөз қалалық мешіті шәкірттері саябақта.

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында жазғы сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттер ұстаздарымен орталық саябақта қыдырды. Әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар қызықты демалып, келесі маусымдағы сауат ашуға дейін демалысқа жіберілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.