Бесқарағайдағы қайырымдылық шара.

Қазақстан мұсылмандар Діни басқармасының тапсырып отырған атқарылу керек негізгі 4 бағытының  бірі – қайырымдылық шаралары. Сол  шаралардың ішіндегі тұрақты дәстүрге айналғаны «Мектепке жол» акциясы.

Бұл шара Бесқарағай ауданында  өз жалғастығын тапты. Шараға ұйытқы болған аудан имамы Серікжан Аманұлы көп балалы,әлеуметтік жағдайлары төмен отбасы балаларына сөмке, оқу құрал-жабдықтарын және күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлікті мешіт тарапынан  табыстады.  Сондай-ақ жетім балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан  аудандық мешітте сауат ашып Семей педколледжіне оқуға түскен Азат Құсайыновқа кастюм шалбар мен оқу құралдары салынған сөмкемен көмек көрсетілді.

Бесқарағай орталық мешітінің баспасөз қызметі.