Аягөз жаңалықтары (фото)

«Халал» сертификаты табысталды.

Аягөз қалалық мешітінде қасиетті жұма күні мешіт имамы Думан қажы Нәдірұлы ҚМДБ – ның «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі сертификатын «Бәйтерек» асханасының иесі Мұрат Төлегенұлы табыстады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Аягөз қаласындағы гимназиядағы кездесу.

Аягөз қаласындағы мектеп – гимназиясында 5 – 6 класс оқушыларының ата – аналарымен жиналыс өтті. Бұл басқосуға қалалық мешіттің наиб имамы Нұржан Медеуханұлы қатысып, қоғамдағы келелі мәселелердің бірі жат ағым жайында, бала тәрбиесі жайлы насихат айтты. Ата – аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.

 

«Қазығұл ата» мешітіндегі ауызашар.

Аягөз ауданы, Мамырсу ауылы «Қазығұл ата» мешітінде Мәуліт айы құрметіне мешіт жамағатына ауызашар берілді. Аудан имамы Думан қажы Нәдірұлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) тарихынан уағыз – насихат айтып, жамағат арасынан Ешенбай ақсақал жастарға бата беріп, жиылған жамағат жайылған ақдастарханнан дәм татты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.