Семей  имамдары жылдық есеп берді (фото)

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде қала, аудандары имамдарының  жылдық есеп беру жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Мүфтият тарапынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру барысы жан-жақты талқылап, сала-сала бойынша атқарған игі істерді тыңдап шықты.

 Есептер арнайы бейне ролик ретінде көрсетілді.

Әрине, жақсы істерімен көрінген имамдарға алғыс айтылды. Кемшін тұстар да ауызға алынды. Себебі, имам діннің дамуына мол үлес қосатын және соның жауапкершілігін атқаратын тұлға саналады. Осы тұрғыдан келгенде әркім өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқаруы тиіс. Әсіресе, бүгінгідей әртүрлі жат ағымдар белең ала түскен кезде оларға көп жауапкершілік жүктеледі.

Жалпы, аудан имамдары төрт бағыт бойынша қолға алынған жұмыстарды тізбелеп айтты. Алдағы уақытта да бұл арнада ҚМДБ – тарапынан қойып отырған міндеттер аясында жұмыстар істелінетіні аталып көрсетілді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.