Аягөз қаласындағы Мәуліт мерекесі

Аягөз қаласында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) құрметіне «Мәуліт» мерекесі өткізілді. Сахна шымылдығы ҚМДБ – ның «Шөлге түскен сәуле» атты бейнефильмімен ашылып, әкімшілік тарапынан құттықтаумен жалғасты. Мереке мешіттен дәріс алатын қыз шәкірттердің қасиетті құран оқуымен қатар дұға жасауы, мәдениет үйі әртістерінің «Жаңбырлы көз жасы», «Мейірімді қыз», «Әкеме айтып қоймаңызшы» атты көріністері көпшілік көңілінен шықты. ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Мақсат қажы Қуанышбекұлының Пайғамбарымыздың өнегелі ғұмырынан, дініміздің асыл құндылықтарын ұстанған бабалар жолы жайлы насихатын мерекеге келушілер ықыласпен қабыл етті. «Ән көңілдің ажары» – дегендей ақын Қазыбек Байжұманұлының арнауы, әртістердің домбырамен орындаған термелері жамағаттың рухын асқақтатты. Аягөз қалалық мешітінің 2017 жылы атқарған істері жайлы бейнебаян көрсетіліп, аудан имамы Думан  Нәдірұлы мерекені қорытындылады.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.