Семей өңірінің өкілдігі Аягөзге «Қайырымдылық керуені» акциясын ұйымдастырды

Аягөз қаласына Семей аймағы мешіт жамағаттарынан  келген «Қайырымдылық керуені» тұрмысқа қажетті заттар, киім – кешек, азық – түліктерді, Аягөз қаласының жастар бөлімі мүшелері су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға таратып берді. Семей өңірі өкілдік атынан арнайы келген   Семей қалалық Тас мешітінің  имамы Нұрбек қажы Салимов Семей жамағатының ыстық сәлемін жеткізді, Алладан келген сынаққа төзіммен сабыр тілей отырып, Судан зардап шеккен тұрғындарға  насихат айтты. Зардап шеккен жандар мешіттердің осындай қайырлы істеріне алғыстарын білдіріп, рахметін айтты.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.