Қарт әжей Исламды қабыл етті

Аягөз қаласында тұратын Евдокия әжей өзінің ұл – қызымен ақылдаса келіп, көршісі арқылы мешітке Исламды қабыл етемін деген шешімін айтқан. Мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы әжейге барып, қазақтың күйшісі Дина апамыздың есімін  азан шақырып қойып, қасиетті құран оқып, Пайғамбар хадисінен асыл дініміз Ислам жайлы мағлұматтар айтты. Сырқаттанып жатқан әжей өзінің кәлима айтқызған кезде жеңілдеп қалғанын айтып қуанған. Наиб имам мешіт атынан Дина әжейге Пайғамбарымыздың өмір тарихы жайлы кітаппен тәттілерді тарту етті.

 Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.