Ауызашар тұрақты түрде берілуде

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің  бастамасымен Семей аймағы бойынша мешіттерде ауызашар ұйымдастырылуда.

ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының ұйытқы болуымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен, Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы хатымханада  тұрақты түрде 200-гн жуық жамағатқа, ал,  қалалық мешіттерде 100 астам жамағатқа ауызашар берілуде.
Келген жамағаттарды орталық мешіттің кезекші найб имамдары жылы шыраймен қарсы алып,  имандылық, ізгілік, мейірім тақырыбында уағыздар айтылуда.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.