Рамазан айындағы «Тегін такси» акциясы

Аягөз қалалық мешіті жылдағы қалыптасқан үрдіспен «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды. Мешіт жанынан құрылған жастар бөлімі мүшелері, ішкі саясат бөлімі, үлкен – кішілі жамағат, ағайындар атсалысып, жеңіл автокөліктерімен жексенбі күнгі «Жақсылық» базарынан халықтың барып, келер жеріне тегін қызмет көрсетті. Аудан имамы Думан Нәдірұлы акцияға қатысушыларға сәттілік тілеп, сонау Түрік елі, Стамбул қаласынан келген Орбай Алтундаш қариға елдің тіршілігін көрсетті. Рамазан айындағы осындай ізігі іске разы болған көпшілік алғыс білдірдіп, баталарын берді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі