Семейде көп балалы ана баспаналы болды

ҚМДБ – ның Семей аймағы бойынша өкілі имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлының бастамасымен және Зекет қорының ұйымдастыруымен, дін жанашырлары, пәтер жалдап тұратын 5 балалы отбасыға өкіл имам баспананың кілтін табыс етті.

Жаңа үйге кірген отбасыға «Бүгін ақ түйенің қарыны жарылған күн Алла Тағала осы жанұяға береке берсін. Кішкентай бүлдіршіндер халқына қызмет ететін азамат болсын» деп ақ батасын берді өкіл имам Мақсат Қуанышұлы.

Бұл атқарып жатқан игі жұмыстарымызды көпшілікке көрсетпеуімізгеде болатын еді.  Бірақ, бұл жұмыс басқа қалталы азаматтарға ғибрат болса екен деген ниетіміз бар.

 Бұған дейін пәтер жалдап, өмірдің тауқыметін сезінген көпбалалы ана Айсұлу Сәрсембекқызы өкіл имам Мақсат Қуанышұлына алғыс айтып,  ризашылығын жеткізді. Жоламан елдімекенінде орналассада, отбасы өз үйінің бар болғанына қуанып. Ізгі жандардың демеуімен көмек көрсеткен мешіт жанашырлары мен, мешіт жамағаттарына,  мейірімді жандарға алғыс айтамын» деді көпбалалы ана Айсұлу Сәрсембекқызы.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.