ҮРЖАР АУДАНЫНДА УМРА ҚАЖЫЛЫҚҚА ТЕГІН БАРУ УАЛИХАН ЕЛЕУСІЗҰЛЫНА БҰЙЫРҒАН ЕКЕН………

Бүгінгі күні ағымдағы жылы сәуір айының 10 күні құптан намазынан кейін мұсылманша білім алу курсын аяқтаған 30 шәкіртке арнайы білімін растау сертификаттары табысталды. О, баста келісілгендей әр шәкірттің аты жазылған жеребе тасталып, тегін умра қыжылыққа бару сәтін анықтау үшін жамағат жиналып, жеребе тасталды. Бұл жолғы Умра қажылыққа бару Үржар ауылының тұрғыны, ағамыз Елеусізұлы Уалиханға бұйырды. Алланың қалауы Уалихан ағамызға түсті.

Ендеше Уалихан мырза алдағы қажылықта жолыңыз болсын. Алла дұға тілектеріңізді қабыл етсін! Сізге ақ жол!

Осындай бақытты сәтті Алла баршаңызға нәсіп етсін.

Үржар аудандық мешітінің баспасөз қызметі.