Аягөз қалалық мешітіндегі Құран жарысы

Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығында жазғы демалыста дәріс алушы шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Орталық мешітімен қатар «Жаңауыл», «Қазығұл ата» мешітінен 30 – шы парамен қатар, шәкірттер ұстаздары жаттатқан сүрелерді жатқа оқып, өз ынталарын көрсетті. Алғашқы сөз алған мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы шәкірттерге қасиетті Құранның құндылықтары жайлы баяндап, сәттілік тіледі. Мешіттің наиб имамдарымен ұстаздары қазылық етіп, шәкірттер бағасын берді. Бас жүлде Айбек Қабдешов, І – ші орын – Аяна Шалқарқызы, ІІ – ші орын Нұриллә Дәулетқызы, ІІІ – орын Аңсар Мәулітхан иеленді. Сонымен қатар «Көркем ырғақ», «Әуезді дауыс», «Құран қағидасы» номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарға сыйлық, қатысушыларға балмұздақ, тәттілер таратылды. 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі