Әйел жамағатына мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімі үйретілді

 ҚМДБ Семей өңірі бойынша   мешіттерде   сауат ашу курстарында білім алып жүрген шәкірттерге    имамдар мен ұстаздар бірлесе жан жақты әртүрлі тақырыптарда  пайдалы білім үйретуде. Кезекті ашық сабақ «Әйел – қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен «Мәйітті кебіндеу» тақырыбында «Қос мұнаралы» орталық мешіт пен «Тыныбай» қалалық мешіт дәрісханасында өтті. Орталық мешіт найб имамы Балтабеков Бауыржан жиналған әйел жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұнын шәкірттерге ашықтап, сұрақтарға жауап берді. Сауат ашу курсының ұстаздары өз кезегінде мәйітті кебіндеу рәсімін тәжірибе түрінде көрсетті. Қатысқан шәкірттер білімдерін шыңдап, сұрақтарына тұшымды жауаптар алып қайтты.

 Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.