«Әлихан Бөкейхан» мешітінде тәтті торттар пісіруден шеберлік сағаты өтті.

ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» ұйымдастыруымен қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде тәтті торттар пісіруден шеберлік сағаты өтті

 Мақсаты мешіттегі әйел жамағатының бірлігін  арттыру. Сектор жауаптысы Тұрлықожанова Динара ықыласты болу, білім алудың артықшылығы тақырыбында уағыз айтты. Қатысқан әйел жамағаты алдағы уақытта мешіттен тұрақты түрде білім алып, пайдалы шаралар өткізіп тұруға ниет білдірді. Шеберлік сағатын өткізіп, тәжірибесімен бөліскен Ахметова Динараға алғыстарын білдірді.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.